Пайдалануға беріліп отырған дәрігерлік амбулаторияның ғимараты «Нұр Отан»…

Пайдалануға беріліп отырған дәрігерлік амбулаторияның ғимараты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Құрылысқа жұмсалған қаржы көлемі 481,8 млн.тенге, құрылысты жүргізген мердігер компания «ТБС Құрылысшы» жауапкершілігі шектеулі серіктетігі.
Жаңа амбулатория күніне 100 келушіге медициналық көмек көрсетуге арналған,жалпы көлемі 848,1 кв,м. құрайды.Арнайы емдеу бөлмесі, екпе бөлмесі, тіс дәрігері кабинеті, гинеколог, УЗИ, ЭКГ,физиотерпия, химизатор және жалпы тәжірбиелік дәрігер кабинеттері арнайы аспаптармен жабдықталған. Бұл кезге дейін Іргелі амбулаториясында 5 дәрігер, 11 орта буынды медицина қызметкері,1 акушерка ,1 медицина тіркеуші қызмет атқарып кедегн болса,алдағы уақытта дәрігерлер қатары толығып, бейінлі сала қызметкерлерімен ұжым толығады
Амбулаторияның ашылу салтанатына арнайы аудан Әкімі Жандарбек Далабаев және мәдениет бөлімі, құрылыс бөлімі және ауыл ардагерлері мен ақ жаулықты аналар құттықтап келді.
Жаңа амбулаторияның кілті Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухананың директоры Маулен Малгаждаровқа табыс етілді.